МЕККЕГЕ ЖАЯУ АТТАНҒАН ҚАЗАҚ
Меккеге жаяу аттанған астаналық Дулат Иманқажы Ақтөбеге жетті. 6 шілде күні жолға шыққан ол екі облыстың аумағынан 15 күнде жүгіріп өтті. Меккеге дейін жол – 7 мың шақырым.
Қазақстанның бес облысы мен тағы төрт мемлекет арқылы өтіп, қыркүйектің 15-іне дейін Сауд Арабиясына жетуді көздеп отыр. Күніне 100 шақырымнан аса жүгіріп, Атырау облысына жеткен соң кеме, ұшақ арқылы шекарадан өтеді. Мұның барлығына үш ай уақыт кетеді.
Дулат – Меккеге жаяу сапарға аттанған үшінші адам. Албаниялық пен пәкістандық орта жолдан қайтыпты. 47 жастағы астаналық мақсатына жетуге бел буып отыр. Сондай-ақ Астана-Мекке бейбітшілік марафоны арқылы жастарға спортты насихаттамақ.
Дулат Иманқажы,
марафоншы:
- Сағатына 15-16 шақырым жүгіріп келемін. Мысалы, 20 шақырымды 1,5 сағатта өтемін. Мәселе тез жүгіруде емес. Мен жол бойы салауатты өмір салты, спорт туралы айтудамын. Мүмкін, мені көріп жолға тағы бір қазақ шығар. Бір қазаққа әсер еткеннің өзі қандай пайда?!
kaztv.kz