АЙТАР АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ
Жақында Елбасының 1 наурызды алғыс айту күні етіп жариялағандығы жөніндегі жарлыққа қол қойғанын теледидардан естіп, көрдім. Өйткені қазақ халқына деген біздің месхеттік түріктер ұлты өкілдері атынан шын жүректен арнаған алғысымызды жеткізгім келеді. Өйткені менің ата-анам 1944 жылы 17 желтоқсанда Қап тауынан осында жер аударылып көшіп келіпті. Міне, содан бері қазақ халқымен бірге тату-тәтті өмір сүріп келеміз.
«Біздің тірі қалуымыз әуелі құдайдың, екінші қазақтардың бауырмалдығы, жетім мен жесірге, біз секілді жер ауған халық өкілдеріне достық қолын созуының арқасы дер едім» - дейді әкем Сейфо. Оны осы топырақта туған біздер де жақсы сезінеміз. Сол үшін де қазақ халқы алдында борыштармыз, оларға айтар алғысымыз да шексіз. Мұның үстіне Қазақстанның тәуелсіздік алған 25 жыл өтсе де бізді өзге ұлтсыңдар, елдеріңді табыңдар деген адам жоқ. Мен де, балаларым да қазақтармен бірге туған бауырдай араласамыз. Мұның бәрі елдің кемеңгер басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстанған сарабдал саясатының арқасы десем артық айтқандық емес. Сондықтан бізді сыртқа теппеген, шеттетпеген жүздеген ұлт пен ұлыстарға төрінен орын берген Нұрсұлтан Әбішұлыдай заңғар басшысы бар қазақ халқына мың алғыс айтқым келеді.
Амурша БАЙСАЛОВ,
жеке кәсіпкер,
Жаңақорған ауданы