2015 ЖЫЛЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІ 9 ПАЙЫЗҒА АРТАДЫ
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақылық төлемдер мөлшері 9 пайызға артады. Бұл туралы бүгін Мәжілісте «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында мәлім болды.
Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, 2015-2017 жылдар аралығында әлеметтік қорғауға жұмсалатын бюджет шығыстары 5 трлн. 889 млрд. теңгені, оның ішінде 2015 жылы - 1 713 млрд. теңгені құрайды.
«Атап айтқанда, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақылық төлемдер мөлшерін 9 пайызға, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды 7 пайызға арттыруға - 129 млрд. теңге көзделеді. Бұдан бөлек, мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақылардың 2015 жылғы 1 шілдеден бастап 25 пайыз артуына - 23 млрд. теңге, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап еңбек өтіліміне байланысты базалық зейнетақы тағайындауға - 137,4 млрд. теңге қарастырылып отыр», - дейді Қаржы министрі.
Оның айтуынша, 2016 жылдан бастап күш құрылымдары саласын зейнетақылық қамтамасыз етуді реформалауға 30 млрд. теңге көзделеді. Бұдан бөлек, халықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету, сондай-ақ ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдем көрсету мақсатында «Жұмыспен қамту-2020» жол картасын іске асыру жалғастырылатын болады. Осы мақсатқа 2015-2017 жылдары 297 млрд. теңге бағыттау қарастырылған, оның ішінде 2015 жылы жұмсалатын шығыстар 92 млрд. теңгені құрайды.