КӘСІБІН ДӨҢГЕЛЕТКЕН БИЗНЕСМЕНДЕР ТӘЖІРИБЕСІМЕН БӨЛІСУДЕ
Кәсіпкерліктің қыр-сырын тегін үйрету. Қызылордада белгілі бизнесмендер кәсіп ашамын дегендермен кездесіп, тәжірибесімен бөлісуде.
«Астана» телеарнасының тілшісі хабарлағандай, дәрістер теория жүзінде де, іс жүзінде де жүреді. Нан пісіру шебері Марат Ширтаевтың әрбір қадамын оқушысы Әйгерім Нұрманова мұқият қайталауға тырысады. Он жылдық тәжірибесі бар есепші жеке наубайхана ашуды жоспарлаған. Өйткені нан қашанда сұранысқа ие.
Әйгерім сынды жаңа кәсіп иесі болуды армандағандар қазір баспахана, құрылыс, мейрамханалар мен сұлулық салондарында дәріс алуда. Болашақта киім технологы болғысы келетін Гаухар Сұлтанғали белгілі тігін шеберханасының қожайыны Майра Жұбаназаровадан дәріс алып жүр.
Жаны қалаған іспен айналысқысы келетіндердің сол салада машықтанған кәсіп иелерінен үйренуіне осылайша жағдай жасалып отыр. Ол үшін аймақтық кәсіпкерлікті дамыту орталығына тіркеліп, тәлімгерге жолдама алу қажет. Қазір отыздай жас маман үйренуді бастаған. Оған қоса, 60-қа жуық өтініш қаралу үстінде. Соның ішінде шағын және орта бизнесті дамытуға негізделген сегіз жоба қолдауға ие болды.