ПОЛИЦЕЙЛЕР АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖИЫН ӨТКІЗДІ
Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің үлкен мәжіліс залында университет ғалымдарының, тіл жанашырларының, зиялы қауым өкілдерінің және департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Ж.Оспанов пен департамент қызметкерлерінің қатысуымен мерекелік жиын өтті.
Аталмыш жиында «Алғыс айту күні» мерекесін тойлаудың маңызы айтылып, әлем елдерінде қолданылып жатқан тәжірибелері талқыланды. Шараны Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Қазақстан халықтар Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Мыңжас Нұрлыбек Кәрібозұлы ашып, бұл мерекенің маңыздылығына тоқталып, мақсатын, қолданылу бағытын қысқаша баяндап берді.
Жиын барысында қоғамдық тәртіп мен қауіпсіздіктің сақталуы жолында өз міндеттерін атқарып жүрген полиция қызметкерлері болашағымызға бағдар беріп, ұлтты ұйыстыратын, бірлігімізді бекемдеп, ертеңімізге деген сенімімізді еселей түсетін «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының маңызын саралап, Қазақстан сынды жас мемлекет үшін көрсетер игілігін атап өтті.
Жиын соңында полиция қызметкерлері келген қонаққа өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі