БОРЫШКЕРЛЕРДІҢ ЕСІГІНІҢ АЛДЫНДА ЖЫЛЖЫМАЛЫ КАССА
Қызылорда қаласы тұрғындарының күні бүгінге дейінгі жарыққа қарызы 10 млн. теңгеге жетті. Осыдан соң жарық таратушы мекеме өкілдерінің үй-үйді аралаудан басқа амал жоқ, - деп хабарлады «Қоғам» телеарнасының тілшісі.
Үмітпен қағылған есіктер тарс жабық. Қарыз иелерімен тілдесуге мүмкіндік болмаған соң әрі қарай жүре береді. Керек десеңіз, «Энергосервис» серіктестігінің арнайы жылжымалы кассасын да тұрғындардың дәл үйінің алдына әкеліп қойған. Мақсат – қала орталығына барып әуре-сарсаңға түспей, осы жерден жылдам төлейді деген ой.
Екі мезгіл жарықтан ажыртылса да қауіпсіздік ережелерін сақтамай, қолдан қосып алушылар көп. Мұндай борышкерлердің ісі сотқа жолданған.