АРНАЙЫ ДАСТАРХАН ЖАЙЫЛЫП, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАЛДЫ
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бастамасымен қаладағы 3 мешіт қосылып, ауқымды қайырымдылық шарасын өткізді, деп хабарлады облыстық мешіттің баспасөз қызметі.
Яғни, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде мүмкіндігі шектеулі жандар мен тұрмысы төмен отбасыларына арнап арнайы дастархан жайылды. Дастархан басына жиналған қауымға бас имам Омаров Талғат Сейіткәрімұлы имандылық, қайырымдылық, сабыр турасында әсерлі уағызын жеткізді.
Сонымен қатар, қайырымдылық шарасында арнайы шақырылған тұрмысы төмен, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген тұрғындарға азық-түлік, тұрмыстық қажеттіліктер үлестірілді. Айта кету керек, бұл бағыттағы шараларды тұрақты ұйымдастырып отыру орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің күні тәртібінен түспей келеді.