ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС АЙЛЫҒЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
22 ақпан мен 22 наурыз аралығы Қызылорда облысында туберкулезге қарсы күрес айлығы боп жарияланды. 24 наурыз – Халықаралық туберкулезге қарсы күрес күніне орай қолға алынған шаралар кезінде жұртшылықтың назары өкпе ауруларының алдын алу мен оны емдеудің өзық тәжірибелеріне аударылмақ, - деп хабарлады «Қоғам» телеарнасы. Мәліметтер көрсеткендей, қазір біздің аймақта бұл дерттің дерегі екі есеге дейін азайған. Қазақстан Республикасының 2016-2020 жылдарға арналған туберкулезбен күрес бағытындағы кешенді жоспарының желісімен осы аурумен ауыратындарға әлеуметтік көмек, фтизиопедиатрлар шататын көбейту, жұқпалы аурулардың таралмауын қадағалау жұмыстары кеңнен жүргізілуде. Бұл саладағы қиындықтардың бірі – жас дәрігерлер тубдиспансерге қызмет атқаруға барғысы келмейді. Сондықтан тиісті сала мамандары арнайы жоба жасауда.
Қанатқақты жобада білікті дәрігерлерден екі жедел топ ұйымдастырылып, есепте тұратындар мен ауыратындарды үйлеріне барып емдейді.
Қанатқақты жобада білікті дәрігерлерден екі жедел топ ұйымдастырылып, есепте тұратындар мен ауыратындарды үйлеріне барып емдейді.