БИЗНЕС ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАҢА МОДЕЛЬДЕРІН ТЕГІН ҮЙРЕНЕДІ
«Даму» қорының студенттік жастарды қолдау жобасы аясында жастарға М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенттік бизнес-инкубаторында бизнес жүргізудің жаңа модельдерін тегін үйренуге мүмкіндік туып отыр.
Қордың баспасөз қызметі хабарлағандай, курс 6 күнге созылды. Осы уақыт аралығында болашақ кәсіпкерлер менеджмент іргетасын, салық айналымы мен құқықтық негіздемені және бизнес-жоспар мен стратегиялық жоспарлау жолдарын үйренді.
Бағдарламаға қатысушы жастардың қорытынды сынамасы ретінде қазылар алқасы алдында өз бизнес-жоспарларын қорғауы болды. Жобаға қатысушылар қазылар алқасына түрлі салаларға жасаған жоспарларымен таныстырды. Құрамына бизнес-тренерлер, қаржы эксперттері мен табысты кәсіпкерлер енген комиссияның шешімі бойынша қазіргі таңда сұранысқа ие және актуалды деген 4 қатысушының жобалары одан әрі онлайн практикалық оқытуға қатысуға жіберілді.
Комиссия іріктеп алған үздік жобалардың авторлары келесі кезеңде практикалық онлайн-оқытуға қатысумен қатар, оқыту барысында бизнесті құру мен оның сәтті жүзеге асуы жолдарын үйренетін болады. Алдағы практикалық-онлайн оқытуда болашақ кәсіпкерлер әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, тез уақыт аралығында жарнаманы тиімді қолдана отырып, бизнесті дамытуға машықтанатын болады. Олар сондай-ақ сайт ашып, сату жөніндегі сөйлемдер жазуды, жарнамалық баннерлер жасауды және тиімді сатуға анализ жүргізіп, маркетингтік акциялар ұйымдастыру, ғаламтор арқылы өзі ұсынған тауар мен қызметіне ақы алуды да үйренетін болады. Жобаның жүзеге асуы аясында қатысушылардың Старт-ап компанияларын құрылу барысында және алған білімдерін қолдана отырып, табысты бизнес ұйымдастыру жолында оның тұрақты дамуына қол жеткізу мақсатында табысты кәсіпкерлерден құралған тәлімгерлік институты жұмыс жасайтын болады.
Студенттердің бизнес-жобаларын қорғауға жүргізілген сапалы дайындық деңгейін әділ қазылар алқасы жоғары бағалады. Іс-шара белсенді байланыс арқасында қызықты әрі қарқынды өтті. Жобаның барлық қатысушыларына тренингті сәтті аяқтағаны жөнінде сертификат табысталды.
- Нақ осы бірегей бағдарламаға қатысу жастардың бизнес-мансаптарына жасаған алғашқы қадамдары болады, - деп ескере кетті «Даму» қоры аймақтық филиалының директоры Жансұлтан Матаев.