АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДЕГІ ЖИЫН
Күзгі уақытта ауылдық жерлердегі егістік алқаптарында, орман қоры мен оған жақын орналасқан шаруа қожалықтарының құрғақ шөптері, өсімдік қалдықтарын жинау, өртеу кезінде бақылаусыз қалдырмау, елді-мекен халқы арасында өрт қауіпсіздігі жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын жандандыру мен ауылдық жерлерде құрылған ерікті өртке қарсы құрылымдардың дайындығын пысықтау жұмыстары жүргізілуде.
Осыған орай Тасбөгет, Қызылжарма, Абай ауылдық огругтерінде Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы қала төңірегіндегі елді-мекендерде халық арасында орман, дала өрттерін және егін алқаптарында өртті болдырмау, өрттің алдын алу мақсатында ауыл тұрғындарына нұсқау беріп, үнпарақтар таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жалпы үгіт-насихаттық шарасына қатысқан тұрғындар саны 200-дей адам. Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас мамандары өртке қарсы қызмет майоры Оразбеков Асхат, өртке қарсы қызмет капитаны Серманов Ерболат пен ауылдық округтері әкімдері өрт қауіпсіздігінің алдын алу жұмыстары туралы айтты.
Өткізіліп отырған профилактикалық іс-шараның мақсаты және қала аумағындағы орын алған өрттер, сондай-ақ «Өрт қауіпсіздігін сақтау айлығының басталуы» жөнінде Мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бастығы өртке қарсы қызмет подполковнигі Сыздық Серік жергілікті «Қоғам ТД» телеарнасы тілшісіне сұхбат берді.
Айгүл НҰРМАНОВА,
Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі