ҚЫЗЫЛОРДАДА ТЕГІН КИІМ-КЕШЕК ҮЛЕСТІРЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕН АШЫЛДЫ
Қызылорда қаласының әкімдігі мен «Ел-арай» қоғамдық қоры қаладағы «Айтбек», «Сыбаға» сауда үйлеріне контейнерлер орналастырды. Тұрғындар онда артылған киім-кешектерін өткізе алады.
Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына қолдау көрсету мақсатында қолға алынған бастама аясында жиналған заттар сұрыпталады. Арнайы ашылған «Ел-арай» әлеуметтік дүкеніне (Қызылорда қаласы, Жеңіс көшесі, 106-үйдің 1 қабаты) қойылады. Содан кейін әлеуметтік қызмет бөлімінің тізіміне алынған отбасыларға тегін беріледі.
Жоба бюджеттен тыс қаржы көздері арқылы, яғни демеушілердің көмегімен жүзеге асырылуда.