ОРТАЛЫҚ МЕШІТ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫН ӨТКІЗДІ
Осындай атаумен ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бастамасымен қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлады мешіттің баспасөз қызметі.
Қайырымдылық рухани шара қаламыздағы С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде өтті. Шараға қала бойынша мүмкіндігі шектеулі жастар мен тұрғындар, мүгедек жандар қатысып, демалып, сергіп қайтты. Аталмыш шараның бағдарламасы бойынша өнерпаз жастар діни монологтар оқып, қойылымдар қойса, имамдар тарапынан уағыз-насихат айтылды. Қызылорда облыстық филармониясының өнепаздары діни әндер, жыр-терме шырқап, жиналған қауымға рухани көңіл-күй сыйлады.
Өткізілген шараның маңыздылығы мен қайырымдылық жасаудың мәні, сабырлық жөнінде бас имам Талғат Омаров тарқата айтып, жиналғандарға дем берер әсерлі насихатын жеткізді. Сонымен қатар, әжелер ансамблі де қазақы әннен шашу шашты. Қатысушылар ұйымдастырушы орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұжымына алғыстарын білдірді.