«АЯУЛЫ АЛАҚАН» ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ ӘЛЖІМБАЕВТАР ОТБАСЫНДА БОЛДЫ
Қызылорда облыстық телекоммуникациялар дирекциясы тарапынан «Аяулы алақан» қозғалысына қатысушылар Әлжімбаевтар отбасында болды. Үй қожайыны Зейнеш Әлжімбаева бүгінде он бала тәрбиелеп отыр.
Еріктілердің «Аяулы алақан» қозғалысына қатысушылар дирекция қызметкерлері жинаған азық-түліктер мен киімдер ала келді. Күрделі құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Асылхан Шайзадаевтың айтуынша, әлеуметтік жауапкершілік күнделікті жұмыстың ажырамас бір бөлшегіне айналған.
Бастамашы ұйым – «Қазақтелеком» АҚ орталық аппаратының ұжымы. Корпоративті бағдарлама бірнеше бағытты қамтиды. Еріктілердің міндеті – балалар үйінің тәрбиеленушілерін әлеуметтік бейімдеу, зейнеткерлерге, жалғызбасты кісілерге, компания қызметкерлеріне қолдау көрсету.