АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
Кеңес әскерлерінің Ауғаныстаннан шығарылғанына 27 жыл толуына орай Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Ауған соғысының ардагерлерімен кездесті, деп хабарлады мектептің баспасөз қызметі.
Қызылордалық өреңдер дайындаған мерекелік кеште «Көлеңкелер театры» қойылымы көрсетіліп, тарих беттерінде қатталған өткен күндерден естеліктер сомдалды. Мұнан соң Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Ұлан» әскери-патриоттық клубының құрмет қарауылы Қазақстан Республикасының Туын алып шығып, Әнұран орындалды.
Шараның ашылу салтанатында Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қалман Бейімбетов сөйлеген сөзінде алапат соғыс өртін көзбен көріп, ерліктің еңселі туын жықпай елге оралған ауған соғысының ардагерлері әрқашанда жастар арасында үлгі өнеге болып қала беретінін айтып, келген қонақтарға өз алғысын жеткізді.
«Три танкиста», «Сарбаздар» әні мен ер жігіттердің орындауындағы қол жекпе-жегінен және қарумен көрінісі әрі қарай мекеп оқушыларына «Әскерге шақыру құжатын» салтанатты түрде тапсыру рәсімімен жалғасты. Сонымен қатар, мектептің бастапқы әскери дайындық мұғалімі Досжан Несіпбаев жастарға патриоттық тәрбие бергені үшін медалімен марапатталды.
Мерекелік концерттің келесі бөлімінде мектеп хорының орындауында «Атамекен» әні орындалып, Қазақ биінен шашу шашты. Сондай-ақ, кеште Ауған ардагерлері одағының төрағасы Қайраддин Баймаханов сөз алып, Қазақстанның қуат қорғаны - бірлігінде екенін айтып, жастарға батырлардың ерлігін қашанда жадыларында сақтап, өз елінінің тыныштық сақшылары болуға шақырды.
«Кітаптан оқып, кинодан көргеннен гөрі, сол қиын кездерді бастан кешірген ел ұландарының өз аузынан естіген жақсы. Бүгінгі өткен кездесу балаларға үлкен патриоттық тәрбие берді деп ойлаймын», - дейді Одақ төрағасы Қайраддин Баймаханов.
Кеш соңында құрметті меймандарға мектеп оқушылары өз қолдарымен салған картиналары сыйға тартылды. Жас жеткіншектер тәуелсіз еліміздің гүлденуі жолында белсенді қызмет етіп, игі істердің ұйытқысы атанып жүрген ауған жауынгерлері ағаларының алдында бас иіп, оларға бақытты ғұмыр тіледі.
Кейбір тарихи деректерге сүйенсек, Ауған соғысына Қазақстаннан барлығы 22269 адам қатысып, оның 761-і жат елде қаза тауып, 20-сы із-түссіз жоғалып, 484-і мүгедек болып оралды. Сол сұрапыл соғыста қызылордалық 800 бозбала оқ пен оттың арасында болса, 18 боздақ қан майданнан туған жерге оралмады. Ауған соғысына қатысып, интернационалдық борышын өтеу жолында өмірін берген жандардың жарқын бейнесін ұрпақтың жадында сақтап, сол ерлікті келер ұрпаққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шарада Отанымыздың құрыш қорғандарына ерекше ықылас көрсетілді.