МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ ЖҰМЫСЫ КОНЦЕПЦИЯСЫНЫҢ ӨЗГЕРУІ
2015 жылдың 30 қазанында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің жобасына қол қойды. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылып, аталған Заңның ережесі Кодекстің «Экономикалық бәсекелестік» бөлімінеөтті.
Сонымен, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі қабылданғаннан кейін Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасындағы негізгіжаңалықтөмендегідей болды:
монополияға қарсы заңнаманың бұзылу белгілерінің құрамынан тұтынушылар құқығын қорғаудың шығарылуы;
үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің Тізілімін, сонымен қатар доминанттардың қызметтеріне мониторинг және есептілік жүргізу тәсілдерінің өзгеруі;
баға реттеу тетіктерінің қайта қаралуы;
нарық субъектілерінің үстем жағдайын анықтаутәсілдерін ең үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес келтірілуі;
монополияға қарсы заңнаманың бұзылуы туралы қорытынды істері жөніндегі жобасын алдын ала алқалы қараудың енгізілуі;
бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттер жасау туралы орындалуға міндетті мемлекеттік органдарға енгізетін монополияға қарсы органның нұсқамалар институтын жетілдірілуі.
Сонымен қатар, назар аударатын болсақ, мемлекеттік кәсіпорындар және мемлекеттің қатысумен (50 пайыздан астам)заңды тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерін кеңейту және (немесе) өзгерту үшін монополияға қарсы органның келісімін алу қажет. Осылайша монополияға қарсы органның атқаратын рөлі күшейтілді.
Сонымен қатар, жыл сайынғы жүргізілетін талдау нәтижесі бойынша монополияға қарсы орган бәсекелестік ортаға беруге жататынквазимемлекеттік сектор субъектілер тізімін қайта қалыптастыруға құқылы.
Сондай-ақ, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіне бағалау, мемлекеттің кәсіпкерлік ортада қатысуының көмекші рөлін анықтауға бағытталған субсидиарлық қағидатты енгізу жолымен жүргізу болжануда. Осылай, мемлекеттің кәсіпкерлік ортада негізінде құрылатын немесе жұмыс істейтін мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 741 бұйрығымен бекітілген тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемесіне сәйкес анықталатын болады.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысымен акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесі бекітілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің аталған қаулысын орындау мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар (келісім бойынша) 2016 жылғы 1 сәуірге дейін бекітілген қызмет түрлерінің тізбесіне сәйкес келмейтін қызмет түрлерін жарғылық құжаттардан алып тастау арқылы өздерінің ведомстволық бағынысты заңды тұлғалардың (олардағы акцияларды (қатысу үлестерін) тікелей немесе жанама иелену елу пайыздан астамды құрайтын) қызмет түрлерін сәйкес келтіруі тиіс.
Яғни, мемлекеттің қатысумен заңды тұлғалараталған Тізімге қызмет түрлері сәйкес келмеген жағдайда нарықтан кетеді.
Осылайша, мемлекеттің кәсіпкерлік қызметте қатысуы қысқарады.
Монополияға қарсы заңнамаға аталған өзгерістермен толықтырулардың енгізілуі Қазақстан Республикасы монополияға қарсы органның өзгеруіне, ашықтығын қамтамасыз етуіне, оның қызмет тиімділігінің жоғарлауына және ЭЫДҰ стандарттарын енгізуіне, сонымен қатар бизнесте жұмыс мөлшерінің төмендеуіне басты қадам болып табылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті
қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті