ДӘРІГЕРГЕ КӨРІНУ ҮШІН КЕЗЕК КҮТУДІҢ КЕРЕГІ ЖОҚ
Енді емханаларда тіркеу бөлімінің немесе кабинеттердің алдында отырмайсыз. Үйде-ақ интернет арқылы emdeu.kz порталымен байланысып немесе 40-00-01 нөміріне қоңырау шалып, дәрігерге көріну уақытын анықтап, кезекке қоя аласыз.
«Қоғам» телеарнасы хабарлағандай, emdeu.kz сайты арқылы дәрігердің қабылдауына жазылу үшін әуелі ЖСН-іңізді тересіз. Өзіңіз тіркелген емхананы анықтайсыз. Сосын медициналық мекемеңіздегі қаралатын маманыңызды және уақытыңызды таңдайсыз.
Қызылордалықтар дәрігерлердің қабылдауына облыстық денсаулық сақтау басқармасының сайтына тіркелу арқылы жазылуда. Сонымен қатар «Пациенттің жеке кабинетін» пайдалануға болады. Қызметтің соңғы түрі тиімі. Онда емделуші онлайн бойынша ара қашықтыққа қарамай дәрігер кеңесін ала алады.