МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢДЫЛЫҚТАРДЫ ІС ЖҮЗІНДЕ ҚОЛДАНУ ТҮСІНДІРІЛДІ
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңы және мемлекеттік қызметті реттейтін заңнамалар үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. Яғни, Қазақстанда мемлекеттік қызмет жаңа моделін қалыптастырудың кезеңі бастау алды.
Осы негізде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі – Департамент) 2016 жылдың 19 ақпанында Қызылорда облысы әкімдігінің ғимаратында Қызылорда облысындағы жергілікті және аумақтық органдардың персоналды басқару қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет саласындағы заңдылықтарды іс жүзінде қолдануды түсіндіру мақсатында «Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар барысында Департамент басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Б.Байхожаев мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі мен әдеп жөніндегі уәкілетті институт енгізудің негізгі ережелерін түсіндіру бойынша сөз сөйлеп, жаңадан құрылған Министрліктің жаңа жұмыс бағыттарына тоқталып өтті.
Басқарма басшысы Ғ.Ілкібаев мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша заңнамадағы өзгерістерге толығырақ тоқталып, оның ашық конкурстық іріктеуді қамтамасыз етуге, біліктілік негізінде мансаптық өсуге, мемлекеттік қызметішлердің қызметін бағалауға бағытталғанын айтты.
Сондай-ақ, Департамент қызметкерлерімен мемлекеттік органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру және оның талаптарының сақталуы мәселелері түсіндірілді.
Облысы әкімі аппаратының кадр қызметінің басшысы Е.Бакиров Мемлекет басшысымен мемлекеттік қызмет бағытында қойылған міндеттерді жүзеге асыру мәселелері бойынша уәкілетті органмен ынтымақтастық орнатуға дайын екендігін жеткізді.
Іс-шараға қатысушылар мемлекеттік қызмет саласындағы реформаларға, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселелеріне қатысты сұрақтарды талқылап, оны іске асыру жөнінде өз ойларымен бөлісті.