233 ДІН ҚЫЗМЕТКЕРІ АТТЕСТАЦИЯДАН СҮРІНДІ
2 жылдан аса уақытқа созылған Қазақстанның дін қызметкерлерін аттестациялау аяқталып келеді. Осы күнге дейін 3 мыңнан астам имамдар мен молдалар емтихан тапсырып, солардың 233-і сынақтан сүрініпті. Енді Астана мешіттерінің қызметкерлері өз білімдерін дәлелдеуді бастады, - деп жазады мүфтият сайты.
Жанды қажаған талай сұрақпен мешітке келген жамағатқа жауап беріп, уағыз айтатын Астананың имамдары мен молдалары бұл. Кезегін күтіп тұрғандар емтиханға дайындықтарын пысықтап тұр. Өйткені, ғұламалар мен діни басқарма мамандары сынақ қабылдамақ.
Күнделікті жұмыс барысында мешітке келетін азаматтардың сауалдары тек дінге қатысты ғана емес, әлеуметтік, тұрмыстық түйткілдер жайында да болады. Сондықтан, емтиханда Исламдағы сенім мен құқық мәселелерінен бөлек, имамдардың "Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы" заң және еңбек кодексін білуі де тексеріледі.
Аттестациялау 2013 жылы басталып бүгінге дейін 3 мың 32 дін қызметкері сынақ тапсырыпты. Соның ішінде 233 маман біліктілігін дәлелдей алмай, 156-ы қызметінен босатылған. Алайда көбі жасының егде тарту, денсаулық жағдайына байланысты өз өтінішімен жұмысынан алыныпты.