Қ.КӨШЕРБАЕВ: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ – ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ҚАУІПСІЗ ҚАЛА
«Қазақстан-2050» стратегиясының міндеттерін жүзеге асыру барысын түсіндіру мәселелеріне арналған идеологиялық актив жиынында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев «Мәңгілік ел» идеясын түсіндіру мен іске асырудағы басым бағыттарға тоқталды.
«Ұлт көшбасшысының «Мәңгілік ел» идеясын түсіндіруге бірінші кезектегі басымдық беруіміз керек. Елбасы, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев отандық тарих пен жалпыұлттық идеяның негізін қалайтын «Мәңгілік ел» тұжырымдамасын жасады. Бұл халықтың ғасырлар бойғы арманы, әрі мәңгілік гүлденуінің құрылымы болып табылады. Алайда мемлекетіміздің өркендеуі әрбірімізге тікелей байланысты. Оның ішінде Елбасы сенім артқан бүгінгі жас ұрпақ еліміздің келешегі деп білемін. Осы орайда біз ұлы мұрат жолына жас қазақстандықтарды мейлінше көп жұмылдырумыз қажет», - деді Қ.Көшербаев.
Мұнан әрі аймақ басшысы Елбасының 1 қыркүйекте Астанада жаңа мектептің ашылуында болашақ мамандықты таңдау турасында айтқан маңызды мәселелеріне тоқталып, осы бағытта облыста атқарылатын істерді саралады.
«Біз осы мақсатта облыста үздік мамандық иелерінің басын қосып, Жұмыс күнін атап өтпекпіз. Бұл олардың біліктіліктерін арттыруына ықпал ететін болады. Қыркүйек айының 23 күні жұмысшы адамдардың еңбектерін насихаттау мақсатында жұмысшы әулеттерінің форумын өткізуді жоспарлап отырмыз. Оған бір мамандықты игерген бір әулеттің бірнеше буын өкілдері қатысады», - деді облыс әкімі.
Жиында әкім мұнан басқа да Елбасы идеясының басым бағыттарын сөз етті. Сонымен бірге аймақтағы қоғамдық-құқықтық ахуалдың тұрақты екенін, мұнда тұрып жатқан халықтың 86 пайызы осылай бағалайтынын жеткізді. Ішкі істер министрлігінің бағалау көрсеткіші бойынша Қызылорда облысы ең қауіпсіз аймақ болып саналатынын айтты.
«ҚазАқпарат»