ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ХОСПИСКЕ SOS ЖҮЙЕСІ ОРНАТЫЛДЫ
Қызылордалық кәсіпкерлер экономикалық қиындықтарға қарамастан әлеуметтік жауапкершілікке көңіл бөліп тұруды ұмытпайды.
Аймақта мұнай-газ саласындағы сервистік компаниялар өзара бірігіп, жуырда ғана ашылған паллиативтік көмек беру бөлімшесіне жабдықтар алып берді, деп хабарлады «24 кз». Ем алушылардың сұранысы бойынша, медициналық және тұрмыстық жабдықтар сыйға тартылды. Арасында жүріп-тұруға арналған құрылғылар да бар. Онкологиялық хосписте қазір 10-нан астам науқас ем алып жатыр. Олардың барлығы да жедел көмек шақыратын білезіктерге ие болды. Дәрігерлік жәрдем қажет болса, тетікті басса болғаны. SOS жүйесін орнату жобасы да кәсіпкерлер палатасы мен «Даму» қоры арқылы жүзеге асып отыр.
Дархан Мырзалиев, облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы:
- Облыстық кәсіпкерлер палатасының бастауымен осы онкоорталығына 3 млн теңгеге жуық көмек берілуде. Алдағы уақытта да мұндай көмектер өз жалғасын тауып, сол саладағы жұмысымызды жалғастырамыз деп ойлаймын.
Виктор Балбочан, жоба жетекшісі:
- Қоңырау арнайы мобильді құрылғыға келіп түседі. Мониторда палата нөмірі көрсетіліп тұрады. Медициналық қызметкер әрі қарай шара қолдануға кіріседі. SOS жүйесін хосписке алғаш енгізіп отырмыз. Қабылдау диапазоны қала аумағын түгел қамтиды.