ҚЫЗЫЛОРДАДА «ЖАСӨСПІРІМ-ЗАҢ-ҚАУІПСІЗДІК» АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ
Қазақстан Республикасы ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, ағымдағы жылдың 16-18 ақпан аралығында облыс көлемінде мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін тарта отырып, «Жасөспірім – Заң - Қауіпсіздік» атты акциясы өтуде.
Акцияның мақсаты – кәмелетке толмағандардың қатысуымен орын алатын құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мінез-құлқы ауыр, жағдайы төмен отбасындағы балалармен жұмыс жүргізу болып табылады.
Іс-шараға жергілікті әкімдік өкілдері, сот, прокуратура, білім беру, денсаулық сақтау қызметкерлері, қамқоршы және қамқорлық ету органдары, ата-аналар комитеті, «Нұр Отан» партиясы, «Жас Отан» жастар қанатының филиалы және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін қатыстыру жоспарлануда.
Сонымен қатар, аталған акция аясында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізу және облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған интернатына және кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталығына, ІІО-ның мұражайлары мен арнайы орындарда экскурсиялар ұйымдастырылатын болады.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі