КӘСІПКЕРДІҢ ШЕБЕРЛІК ДӘРІСІ
«Студенттік жастардың кәсіпкерлік бастамасын қолдау» бағдарламасы аясында «Даму» қоры жаңадан кәсіп ашуды көздеген жастар мен табысты кәсіпкердің кездесуін ұйымдастырды.
Мүмкіндігі шектеулі кәсіпкер Бақыт Жұмашев бизнестегі тәжірибесімен бөлісті. Бүгінде ол ондаған мүгедек азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Бизнесмен болашақ кәсіпкерлерге шағын қаржымен бизнес бастауды және тәжірибенің аздығынан үлкен шығындарға ұшырамау жолдарын баяндады. Оның айтуынша, іс бастап, бәсекеге лайықты бизнестің өркен жаюы үшін өз күшіңе деген сенімділік пен ерік-жігер қажет. Бастаған істі аяғына дейін апарып, табысқа қол жеткізу жолында кедергілер мен тосқауылдарға шыдайтын сабырлылық маңызды.
- Ең бастысы, беліңді бекем буып, алғашқы уақытта түскен пайданы бизнесіңнің айланымына салып отыру қажет. Старт-апперлердің қателігі ретінде қаржылық сауаттылықтың болмауынан бастапқы табысты бизнеске салмай, өздеріне қымбат көлік пен үйлер сатып алатынын басты қателік деп айтар едім, -дейді Бақыт Жұмашев.
Кәсіпкер бизнесін бастау тарихымен бөлісті. Бизнеске тұрақты жұмысынан айрылған соң бет бұрған.
- Ол кезде қалтамда бар-жоғы 18 мың теңге ғана болды. Сол ақша бизнесімнің бастапқы жарнасы еді. Бизнес бастау үшін миллиондар қажет дейтіндерге таң қалам. Жұмысым бірден алға басты демеймін. Өйткені әр бағыттың өз тосқауылдары болады. Бизнес-мансабымның болашағына деген сенімділік мен үмітім басты қаруым болды. Бүгінде компьютерлік сервистік орталық, жиһаз цехы мен полиграфиялық цех ашып, жұмысты сәтті әрі тұрақты жүргізіп келемін. Таяуда тігін цехын іске қоссам деймін. Кәсібімнің ерекшелігі, қызметкерлер – мүмкіндігі шектеулі жандар. Орталықта мүгедектер мен жағдайы төмен отбасыларға тегін қызмет көрсетіледі, - деді Бақыт Жұмашев.
Бағдарлама аясында «Даму» қоры жастардың кәсіпкерлік әлеуетінің ашылуына жәрдемдесу және сол арқылы олардың болашақта табысты бизнеске айналатын стартап жобалар құруға, сондай-ақ бастауыш кәсіпкерлердің қаржыландыру көздеріне қол жеткізуін жеңілдетуге бағытталып жұмыс жасайтын тәлімгерлік жобаны да іске қосуды жоспарлауда. Өңірдің табысты кәсіпкерлері өз бизнесін бастаған жобаның қатысушыларына тәлімгер болып, өз тәжірибесімен бөлісетін болады.