ҚЫЗЫЛОРДАДА ТҰРМЫСТЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР САЛАСЫНДАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА БІЛІКТІЛІК АЛМАСУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
2016 жылдың 16-18 ақпан аралығында Қызылорда облысында «Подруги» дағдарыс орталығының ұйымдастыруымен ішкі істер органдары, прокуратура қызметкерлеріне арналған «Отбасылық тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, жолын кесу» бағытында тәжірибе алмасу семинары өтті.
Аталған шараның алғашқы күні 2016 жылдың 16 ақпанында сағат 10.00-де Қызылорда қаласы, №278 мектеп-лицейінің мәжіліс залында өткізілген учаскелік полиция инспекторларына, кәмелетке толмағандардың істері бойынша полиция инспекторларына, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлім қызметкерлеріне, прокуратура қызметкерлеріне арналған біліктірікті арттыру семинарынан басталды. Семинарда жоба жетекшісі, «Подруги» дағдарыс орталығының директоры Надежда Степановна Гладырь құқық қорғау қызметкерлеріне арнап дәріс оқып, жәбір көрушілерге құқықтық көмек көрсету мәселелері талқыға салынды, құқықтық-нормативтік актілердің талаптары түсіндірілді.
Онан кейін семинар №4 «Дарын» дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының ғимаратында өткізілген жергілікті полиция қызметкерлерімен қатар Білім басқармасы мамандарына, мұғалімдерге арналған семинар-тренингпен жалғасын тапты. Семинар-тренингте кәмелетке толмағандармен жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу, жасөспірімдерге психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мәселелері көтерілді. Семинар-тренинг барысында психологтар мен мұғалімдерге психологиялық және әдістемелік дайындығын жетілдіру, эмоционалдық-психологиялық жеңілдену дағдыларына үйретуге бағытталған тренингтер, рөлдік ойындар өткізілді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі