ЖОСПАРДАН ТЫС ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ ӨТТІ
Жоспарға сәйкес сағат 17.00 де «Бурводстрой» ЖШС аумағындағы цехта электр сымдарының қысқаша тұйықталуынан өрт болғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Өрттің нысан аумағындағығы қосымша ғимараттарға таралу қаупі туды. Олар – ағаш өңдейтін цех, гараж, қауіпті жарылғыш материалдар сақталатын қойма еді.
Нысан басшылары ғимаратты тоқтан ажыратуды ұйымдастырды. Кестеге сәйкес әрекет ете отырып, шығатын осындай нысандарға автоматты түрде шақыру нөмірінің жоғары деңгейі бойынша бөлімшелер жіберілді. Жедел түрде өрт сөндіру штабы құрылып, жауынгерлермен байланыс ұйымдастырылды.
Басшылықтың және барлық жеке құрамның ширақ әрекеті мен жаттыққан жұмысының арқасында шартты жанудың ошағы тез жойылды.
«Өртті» жоюға өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамының 35 адамы және өрт сөндіру қызметінің 5 техникасы қатысты.
Осындай өрт-тактикалық жаттығулары нысандарда өртті сөндіруді ұйымдастыру барысында көп көмегін тигізетіні сөзсіз. Өрт сөндірушілердің күнделікті даярлықта болуы төтенше жағдай кезінде күрделі мәселелерді шешуге ықпал ететіні белгілі.
Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ