СОТТАЛҒАН БРАКОНЬЕРЛЕР ЖАЗАСЫ АЙЫППҰЛҒА АУЫСТЫРЫЛДЫ
Киік қырғаны үшін темір торға тоғытылған браконьерлер бостандыққа шықты. Мұндай шешімді бүгін Ақтөбе облыстық сотының апелляциялық алқасы шығарды, - деп хабарлады «Астана» телеарнасы.
«Ырғыз Торғай» табиғи резерватында киіктерге қырғидай тиген Қызылорда облысының 6 тұрғыны 40 млн теңгеден астам айыппұл төлеуге міндеттелді.
Гүлзия Мақсатқызы, Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы:
- Наурызбаев, Халибаев пен Тайшыбаевтың әрқайсысына 7 млн. 928 мың теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды. Сыздықов, Естаев пен Тоғызбаевтың әрқайсысына 5 млн. 946 мың теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды. Сот үкімінің бұлай өзгеруіне сотталғандардың үкім заңды күшіне енгенге дейін қылмыстық әрекет нәтижесінде келтірілген залал мөлшерін мемлекет пайдасына толық өндіруі негіз болды.
Өткен жылдың қазан айында қызылордалық азаматтардың көлігінен киіктің 100 мүйізі табылған болатын. Бұлтартпас айғақтармен қолға түскен қылмыскерлердің біреуін аудандық сот 3 жылға, тағы екеуін 1 жарым жылға абақтыға қамаған еді. Ал біреуі 2 жылға шартты түрде сотталған болатын.