«25 ҚАЙЫРЫМДЫ ІС» ШАРАСЫ БАСТАУ АЛДЫ
Нөмірі оныншы дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты Тәуелсіздіктің жиырма бес жылдығына орай, «25 қайырымды іс» акциясын бастады, деп хабарлады «Қазақстан-Қызылорда» арнасы.
Шараның негізгі мақсаты – торқалы тойға дейін әлеуметтік жағдайы төмен, мүгедек жандарға қол ұшын созу. Толқын Баймаханова жалғыз басты ана. Осыдан төрт жыл бұрын ол өмірге егіз қызды әкелген. Дәрігерлер шыр етіп дүние есігін ашқаннан-ақ балалардың денсаулығында кінәраттың барын байқаған. Жалғыз басты ананың бүгінде жеке баспанасы да жоқ, жалдамалы пәтерде тұрады. Қазір олар төрт жаста. Сезімнің диагнозы – гидроцефалия. Яғни, бастың ми бөлігіне мөлшерден тыс су жиналған. Содан да болар, баланың психикалық дамуы тежелген. Ал Бегімнің жүрегінде туылғаннан бері бес теңгенің көлеміндей тесік бар.
Нөмірі оныншы дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының ұжымы бұл жәйді естіп, бей-жай қарай алмаған. Әлеуметтік жауапкершілікті терең сезінген ұжым қаржылай көмек беруге бел буыпты. Көңілге қуаныш ұялатқаны – тек ұстаздар ғана емес, мектеп оқушыларының да игі шарадан тысқары қалмауы. Ізгілікті істің бастамашылары балаларға қуыршақ сыйлады. Сосын сексен мың теңге қаржылай көмек көрсетті. «Ауыз толтырып айтарлықтай қомақты қаражат болмаса да, балалардың бір керегіне жарар деген үміттеміз» дейді ұйымдастырушылар.