СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗІНДЕГІ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ТҮСІНДІРДІ
Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғаныс басқармасы «Елді мекендер мен аумақты Сырдария өзенінде сең жүру кезінде су алу қаупі туындаған немесе су алған кезінде басқару органдарының, авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарының іс-қимылы» тақырыбында командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізді.
Шара барысында «Су тасқыны кезіндегі іс-әрекеттер», «Зілзала апаттары кезінде халықты көшіру шаралары», «Азаматтық қорғаныс штабының іс–әрекеті» тақырыбында сабақтар болды. Су тасқыны болғанда тосқауыл болатын «Габион» қондырғысының техникалық мінездемесі таныстырылды. Штаб жұмысы ұйымдастырылып, аудандық қызметтермен өзара шұғыл ақпарат алмасу карточкасы мен кіріспе тапсырмалары бойынша жұмыстар атқарылды.
Сырдария өзені бойындағы қауіпті учаскелер араланып, елді мекендердің тұрғындарына департаменттің қызметтік құлақтандыру автокөлігінің дауыс зорайтқыш аппаратурасы арқылы «Су тасқыны кезіндегі іс-әрекет» ережелерін жеткізу жұмыстары жүргізілді.
Болуы мүмкін су тасқыны кезіндегі төтенше жағдайларды жоюға арналған авариялық-құтқару қызметтерінің күш-құралдарына саптық қарау өткізіліп, азаматтық қорғау қызметтерінің төтенше жағдайларға әзірленген инертті материалдарының қоры тексерілді. Төтенше жағдай кезінде халықты хабардар ету жүйесінің жұмысын тұрақты ұстау мақсатында қала, аудан елді-мекендерінде құрылған электрдабылдарының жұмыс қабілеті тексерілді.
Төтенше жағдай туындаған кездегі халықты көшіру бойынша эвакуациялық комиссияның жұмысы ұйымдастырылды.
Бейбіт СПАНОВ,
Қызылорда облысы ТЖД
азаматтық қорғаныс басқармасының офицері