«ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ –ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР САБАҒЫ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі МКҚК-ның ұйымдастырылуымен «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» тақырыбында семинар өткізілді. Бұл туралы Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Іс шараға мұражай қызметкерлері мен Қызылорда облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының жетекші мамандары А.Әбдреев пен М.Наршаева қатысты.
Семинарда мемлекеттік тіл-мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі, сонымен қатар, болашақта бүкіл аталып өткен іс–құжаттар тек қазақ тілінде жүргізілетіндігі айтылып өтті.
Қызылорда облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының жетекші маманы М.Наршаева өз сөзінде біздің мақсат мемлекеттік тіліміздің мәртебесін жоғары ұстап, салт-дәстүрлеріміз бен рухани мұраларымызды, тілімізді әлемдік жаһандану заманында жойылып кетпеу үшін ат салысу болып отырғанын тілге тиек етті.
Тіл жеке адамның ғана емес, жалпы ұлттың жаны, рухы. Тіл-татулық тірегі. Ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторлары ретінде мемлекеттік тілді дамытуға құрметтеуге баса көңіл бөлу керек.
Шынар БЕКБАН