«МҰНАЙШЫ – КҮШТІЛЕРДІҢ МАМАНДЫҒЫ, ӘЛСІЗ АДАМ БІР КҮН ДЕ ШЫДАМАЙДЫ…»
Қыркүйек айының алғашқы жексенбісінде қазақстандық мұнайшылар өздерінің кәсіптік мерекесін атап өтті. «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ компаниясы әдеттегідей серпінімен әрі өз қызметкерлеріне деген айрықша ілтипатын таныта отырып Арысқұм және Құмкөл кеніштерінде салтанатты іс-шаралар өткізді. Ал қалалық офистердің қызметкерлері үшін балық аулаудан жарыстар ұйымдастырылды.
Қала әкімінің алғыс хаттары ҚАМ кенішінің ауысым бастығы Бауыржан Алдоңғаровқа, Арысқұм кенішінің 5-ші разрядты операторы Медет Ахановқа, Қызылқия кенішінің геологы Қанат Бижановқа, Қызылқия кенішінің мұнай және газ өндіру шебері Жанболат Жармұхамбетовке, Арысқұм кенішінің 6-шы разрядты машинисі Шархан Көпжасаровқа табыс етілді.
- Мен біздің басшылықтың өз қызметкерлерінің қажырлы еңбегін бағалайтындығына өте қуаныштымын. Бұл марапат – тек менің ғана емес, сонымен бірге бүкіл ұжымның да сіңірген еңбегі, – деп алғыс айтты Шархан Көпжасаров. – Әріптестерге денсаулық, бақыт және ырыс-береке тілеймін.
Бұдан соң мұнайшыларды музыкалық сый-тарту күтіп тұрды. Мейрамның құрметіне алматылық «NATAN» тобы арнайы шақырылған болатын, аталмыш топ көрермендерді танымал әндерді орындаумен қуантты. Ойнақы сезімге толы әсем әуендер сахна төрінде шарықтай түсіп, мерекеге қатысушылардың жүрегін шаттық пен нұрға бөледі.
Солардың ішіндегі ең көңілді әрі ең көріністі спорт түрі аударыспақ болып шықты. Бұл жарыста қарсыластар бірін-бірі өздері мініп отырған бөренеден жастықпен ұрып құлатуға тиіс-тұғын. Мұндағы текетірестер ұзаққа созыла қоймады, оған қатысушылардың көбісінде жастықпен тіпті бірінші ұрғаннан кейін-ақ бөренеде жығылмай отырып қалу ептілігі жетіспей жатты. Жанкүйерлер сайысқа түсушілерді қиқулаған дауыстармен және ду қол шапалақтаулармен белсене қолдап отырды.
Жарыстардың жеңімпаздары компания кәсіподағы комитетінің жүлделерімен марапатталды. Қатысушылардың арасында осы мейрам күні өзіне өзі сыйлық жасай алғандар да болды – бұл үшін биікке өрмелеп шығудың өзі жеткілікті саналды, оның ұшар басына жүлделердің атауы жазылған конверттер қыстырылып қойылды. Мәселен, мұнай және газ өндіру цехының 4-ші разрядты операторы Аманкелді Бажан үтік жүлдесіне дейін жетіп көтерілді. «Мен компанияда төрт жылдан бері жұмыс істеп келемін, - деп өз ойымен бөлісті Аманкелді Бажан. – Осындай тамаша кәсіби ұжымның мүшесі екендігіме аса қуаныштымын. Жұмысым өзіме қатты ұнайды. Осы мереке күні өз әріптестеріме кәсіби табыстар, ал компанияға – одан әрі өсіп-өркендеу тілеймін.». Алайда, барлығының бірдей күші жете берген жоқ. Бірақ бұл жарыстарда бастысы жүлделер емес, керісінше қоян-қолтық жұмыс істеп, ұйымшылдықпен тыныға білетін шуақты көңіл күйі мен ұжымның топтасқандығы болып саналды.
Концерт басталар алдында компанияның қызметкерлерін «ПҚҚР» АҚ Басқарма Төрағасы Цинь Хунвэй құттықтады. Өз сөзінде ол компанияның жеткен жетістіктеріне егжей-тегжейлі тоқталып өтті, келешекке арналған жоспарлар туралы әңгімелеп берді. .
- Мұнайшы күні мейрамын біздің компания ұжымы тәуір көрсеткіштермен қарсы алуда, - деп атап өтті Басқарма Төрағасы. – Компания мұнайды тұрлаулы түрде өндіру ісін жалғастыруда. Ағымдағы жылдың 8 айы ішінде 2,0 млн. тоннадан астам мұнай өндірілді. Қызметкерлеріміздің кәсібилігінің арқасында біздер алдымызға биік мақсаттар қойып, оларға табыспен қол жеткізе аламыз.
Ол сондай-ақ «ПҚҚР» АҚ басшылығының геологиялық барлау жұмыстарына зор көңіл бөліп отырғандығын атап көрсетті, өйткені көп жағдайда компанияның табысты болашағы онымен байланысты болатындығы белгілі.
- Соңғы 10 жыл ішінде компания геологиялық барлауға құны 400 млн. доллардан асатын қаржы инвестициясын салды, саны 182-ден астам барлау ұңғымалары бұрғыланды, - деді Цинь Хунвей. – Барлау мақсатындағы жүргізілген бұрғылаудың табыстылық деңгейі 65-75% көрсеткішті құрайды.
Сөйлеген сөзінде компания басшысы мұнай кәсіпшілігінде жұмыс істейтін жұмысшы-қызметкерлердің еңбек ету және жайғасып тұру жағдайларын жақсартуға бағытталған әлеуметтік мәселелерге баса көңіл бөлініп отыратындығын атап өтті. Компанияның бүкіл қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жетілдіруді қарастыратын жаңа ұжымдық шарттың талаптары ойдағыдай жүзеге асырылуда.
«ПҚҚР» АҚ көптеген жылдар бойы Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамып-өркендеуіне белсене қатысып келеді. Осындай жобалардың қатарында «Игілік» корпоративтік қоры арқылы қаржыландыру, отбасылық үлгідегі балалар деревнясын жобалау мен құрылысын салу жұмыстарын айрықша атап өтуге болады. Сол сияқты он жыл уақыттан бері компанияда Стипендиялық бағдарлама шарасы жүзеге асырылуда, оның шеңберінде Қызылорда облысының жастары мұнай-газ саласының аса қажет мамандықтары бойынша сапалы білім алып, содан соң «ПҚҚР» АҚ қызметкерлерінің қатарын толықтыра алады. Әр жыл сайын аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан бес жүзге жуық бала «Арай Санрайз» жазғы лагерінде демалады. Және бұл компанияның әлеуметтік саладағы атқарып жатқан шаруаларының толықтай тізбесі емес.
Сөз сөйлеп болғаннан кейін, Басқарма Төрағасы ведомстволық, облыстық және қалалық деңгейлердегі марапаттарды табыс етті. ҚР Мұнай және газ министрлігінің «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төс белгісімен «ПҚҚР» АҚ аға техникалық директорының орынбасары Ғалым Байманов, ҚР Мұнай және газ министрлігінің Құрмет грамотасымен – Құмкөл кенішінің кеніштегі өндіру технологиясы бөлімінің бастығы Нұрудулла Жолдыбаев, ҚР Мұнай және газ министрлігінің Алғыс хатымен – Құмкөл кенішінің мұнай және газ өндіру цехының менеджері Жұмабек Қонысбаев марапатталды. Қала әкімінің Алғыс хатымен: жетекші геолог Владимир Клюев, Құмкөл кенішінің материалдық ресурстар басқармасының учаске шебері Ұлсерік Сарыбаева, жүргізуші Тынымбай Қалжанов, Құмкөл кенішінің 4-ші разрядты операторы Руслан Көшенов, Құмкөл кенішінің газды пайдаға жарату цехының 5-ші разрядты электр монтері Бақытбек Шәденов атап өтілді.
Бұдан кейін компания қызметкерлерін Алматы қаласынан келген «NATAN» тобы өз өнерлерін көрсете отырып құттықтады.
Балық аулаудың белгіленген күні сәтін салған күн болып шықты. Таң алакеуімнен жаңбыр иісі сезіліп, бұлтты аспан түнеріп тұрды. Ал кәсіпқой балықшылардың айтулары бойынша, жауында балық жақсы қабады екен. Және де бұл пайымдау, шынына келгенде, барлық командалардың барлығы бірдей үшін рас болып та шыққан жоқ. Дегенмен, қайсы бір кез келген шаруадағыдай, балық аулау ісінде тек сәттілік қана емес, бұған қоса кәсіпқойлық дағды да маңызды екен. Осыны паш ету үшін командаларға үш сағат уақыт берілді. Жарысқа қатысушы-балықшылар жағалауды бойлай жан-жаққа тез бытырап кетті, сөйтіп өздері қолайттаған орындарға жайғасып алды. Осыдан соң-ақ жарыстар басталып кетті. Қарсыластардың әрқайсысы бір-бірін шолып байқайтындай жерде отырғандықтан балық аулаушылардың несібе-табыстары да алақандағыдай көзге көрініп тұрды. Әріптестер өз қарсыластырының олжасына шын жүректен қуанып жатты.
Түскі ас мезгіліне қарай жалпы жиын жария етілді. Жарыстардың қатысушылары өздерінің ұстаған балықтарын әкелді. Ауланған балықтарды салмақтап өлшегеннен кейін жүлдегерлер айқындалды. Жеңістің үшінші тұғырында – «Бодрый карась» командасы, оның құрамында сайыскерлер Бағдатбек Тобашев, Нұрлан Оразов, Нұржан Сүлеймен болды. Екінші орын үшін берілетін жүлдені қызметкерлер Ерлан Әбужанов, Талғат Нұрымбетов және Ерлан Абдуловтан құралған «Big Fish Team» командасының балықшылары иеленді. Ірі олжа – салмағы 3 килограммнан асатын балықты Орынбасар Абдуллаев, Нұрлан Сырғалиев және Азат Әбдуманов сияқты жігіттер қатысқан «Пиранья» командасы ұстады.
Ұзындығы бар болғаны 8,1 см. ең кішкене балықты аулағаны үшін Қанат Мұхамедов және ең үлкен балық ұстағаны үшін Орынбасар Абдуллаев басқа киетін фонарьлар алды. Барлық жеңімпаздарға «ПҚҚР» АҚ Басқарма Төрағасы жүлделер тапсырды, бұл жүлделер балық аулауға барғанда олар үшін аса қажет болмақ. Бұлар – спиннингтер, қысқы палаткалар, балық аулау жабдықтарын салатын жәшіктер.
Бірақ осымен мереке аяқтала қойған жоқ. Қорытындылар шығарылып болғаннан кейін жарыстың барлық қатысушылары дәмді балық сорпасынан ауыз тиді.
ЖҰМЫС ОРНЫНДАҒЫ МЕРЕКЕ
Мерекелік іс-шаралар Арысқұм кенішінде бастау алды. «ПҚҚР» АҚ игеру және күрделі құрылыс жөніндегі вице-президенті Болат Көшербаев қызметкерлерді мейраммен құттықтап, оларға еңбекте табыс, отбасының амандығы мен мықты денсаулық тіледі және қалалық марапаттарды тапсырды. Қала әкімінің алғыс хаттары ҚАМ кенішінің ауысым бастығы Бауыржан Алдоңғаровқа, Арысқұм кенішінің 5-ші разрядты операторы Медет Ахановқа, Қызылқия кенішінің геологы Қанат Бижановқа, Қызылқия кенішінің мұнай және газ өндіру шебері Жанболат Жармұхамбетовке, Арысқұм кенішінің 6-шы разрядты машинисі Шархан Көпжасаровқа табыс етілді.
- Мен біздің басшылықтың өз қызметкерлерінің қажырлы еңбегін бағалайтындығына өте қуаныштымын. Бұл марапат – тек менің ғана емес, сонымен бірге бүкіл ұжымның да сіңірген еңбегі, – деп алғыс айтты Шархан Көпжасаров. – Әріптестерге денсаулық, бақыт және ырыс-береке тілеймін.
Бұдан соң мұнайшыларды музыкалық сый-тарту күтіп тұрды. Мейрамның құрметіне алматылық «NATAN» тобы арнайы шақырылған болатын, аталмыш топ көрермендерді танымал әндерді орындаумен қуантты. Ойнақы сезімге толы әсем әуендер сахна төрінде шарықтай түсіп, мерекеге қатысушылардың жүрегін шаттық пен нұрға бөледі.
КІМ ЖАҚСЫ ЕҢБЕК ЕТСЕ, СОЛ ЖАҚСЫ ТЫНЫҒАДЫ
Мерекелік іс-шаралардың жүзеге асар мезгілі Құмкөл кенішіне де келіп жетті. Вахталық қыстақ аумағында орналасқан спорт залының жанында барлық тілек білдірушілердің қатысуына ерік берілген спорттың ұлттық түрлерінен жарыстар өткізілді. Мұнайшылар үшін мынадай ұлттық спорт түрлерінен күш сынасуларына мүмкіндіктің сәті туды, олар: қол күрес, аударыспақ, бағанаға өрмелеу, гір көтеру секілді сайыстар еді. Солардың ішіндегі ең көңілді әрі ең көріністі спорт түрі аударыспақ болып шықты. Бұл жарыста қарсыластар бірін-бірі өздері мініп отырған бөренеден жастықпен ұрып құлатуға тиіс-тұғын. Мұндағы текетірестер ұзаққа созыла қоймады, оған қатысушылардың көбісінде жастықпен тіпті бірінші ұрғаннан кейін-ақ бөренеде жығылмай отырып қалу ептілігі жетіспей жатты. Жанкүйерлер сайысқа түсушілерді қиқулаған дауыстармен және ду қол шапалақтаулармен белсене қолдап отырды.
Жарыстардың жеңімпаздары компания кәсіподағы комитетінің жүлделерімен марапатталды. Қатысушылардың арасында осы мейрам күні өзіне өзі сыйлық жасай алғандар да болды – бұл үшін биікке өрмелеп шығудың өзі жеткілікті саналды, оның ұшар басына жүлделердің атауы жазылған конверттер қыстырылып қойылды. Мәселен, мұнай және газ өндіру цехының 4-ші разрядты операторы Аманкелді Бажан үтік жүлдесіне дейін жетіп көтерілді. «Мен компанияда төрт жылдан бері жұмыс істеп келемін, - деп өз ойымен бөлісті Аманкелді Бажан. – Осындай тамаша кәсіби ұжымның мүшесі екендігіме аса қуаныштымын. Жұмысым өзіме қатты ұнайды. Осы мереке күні өз әріптестеріме кәсіби табыстар, ал компанияға – одан әрі өсіп-өркендеу тілеймін.». Алайда, барлығының бірдей күші жете берген жоқ. Бірақ бұл жарыстарда бастысы жүлделер емес, керісінше қоян-қолтық жұмыс істеп, ұйымшылдықпен тыныға білетін шуақты көңіл күйі мен ұжымның топтасқандығы болып саналды.
ТӘУІР КӨРСЕТКІШТЕРМЕН БИІК МАҚСАТТАРҒА
Жарыстардан кейін вахта еңбеккерлерінің барлығы «NATAN» тобы әртістерінің өнерін тамашалау үшін шат-шадыман күйде клуб үйін бетке алды. Концерт басталар алдында компанияның қызметкерлерін «ПҚҚР» АҚ Басқарма Төрағасы Цинь Хунвэй құттықтады. Өз сөзінде ол компанияның жеткен жетістіктеріне егжей-тегжейлі тоқталып өтті, келешекке арналған жоспарлар туралы әңгімелеп берді. .
- Мұнайшы күні мейрамын біздің компания ұжымы тәуір көрсеткіштермен қарсы алуда, - деп атап өтті Басқарма Төрағасы. – Компания мұнайды тұрлаулы түрде өндіру ісін жалғастыруда. Ағымдағы жылдың 8 айы ішінде 2,0 млн. тоннадан астам мұнай өндірілді. Қызметкерлеріміздің кәсібилігінің арқасында біздер алдымызға биік мақсаттар қойып, оларға табыспен қол жеткізе аламыз.
Ол сондай-ақ «ПҚҚР» АҚ басшылығының геологиялық барлау жұмыстарына зор көңіл бөліп отырғандығын атап көрсетті, өйткені көп жағдайда компанияның табысты болашағы онымен байланысты болатындығы белгілі.
- Соңғы 10 жыл ішінде компания геологиялық барлауға құны 400 млн. доллардан асатын қаржы инвестициясын салды, саны 182-ден астам барлау ұңғымалары бұрғыланды, - деді Цинь Хунвей. – Барлау мақсатындағы жүргізілген бұрғылаудың табыстылық деңгейі 65-75% көрсеткішті құрайды.
Сөйлеген сөзінде компания басшысы мұнай кәсіпшілігінде жұмыс істейтін жұмысшы-қызметкерлердің еңбек ету және жайғасып тұру жағдайларын жақсартуға бағытталған әлеуметтік мәселелерге баса көңіл бөлініп отыратындығын атап өтті. Компанияның бүкіл қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жетілдіруді қарастыратын жаңа ұжымдық шарттың талаптары ойдағыдай жүзеге асырылуда.
«ПҚҚР» АҚ көптеген жылдар бойы Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамып-өркендеуіне белсене қатысып келеді. Осындай жобалардың қатарында «Игілік» корпоративтік қоры арқылы қаржыландыру, отбасылық үлгідегі балалар деревнясын жобалау мен құрылысын салу жұмыстарын айрықша атап өтуге болады. Сол сияқты он жыл уақыттан бері компанияда Стипендиялық бағдарлама шарасы жүзеге асырылуда, оның шеңберінде Қызылорда облысының жастары мұнай-газ саласының аса қажет мамандықтары бойынша сапалы білім алып, содан соң «ПҚҚР» АҚ қызметкерлерінің қатарын толықтыра алады. Әр жыл сайын аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан бес жүзге жуық бала «Арай Санрайз» жазғы лагерінде демалады. Және бұл компанияның әлеуметтік саладағы атқарып жатқан шаруаларының толықтай тізбесі емес.
Сөз сөйлеп болғаннан кейін, Басқарма Төрағасы ведомстволық, облыстық және қалалық деңгейлердегі марапаттарды табыс етті. ҚР Мұнай және газ министрлігінің «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төс белгісімен «ПҚҚР» АҚ аға техникалық директорының орынбасары Ғалым Байманов, ҚР Мұнай және газ министрлігінің Құрмет грамотасымен – Құмкөл кенішінің кеніштегі өндіру технологиясы бөлімінің бастығы Нұрудулла Жолдыбаев, ҚР Мұнай және газ министрлігінің Алғыс хатымен – Құмкөл кенішінің мұнай және газ өндіру цехының менеджері Жұмабек Қонысбаев марапатталды. Қала әкімінің Алғыс хатымен: жетекші геолог Владимир Клюев, Құмкөл кенішінің материалдық ресурстар басқармасының учаске шебері Ұлсерік Сарыбаева, жүргізуші Тынымбай Қалжанов, Құмкөл кенішінің 4-ші разрядты операторы Руслан Көшенов, Құмкөл кенішінің газды пайдаға жарату цехының 5-ші разрядты электр монтері Бақытбек Шәденов атап өтілді.
Бұдан кейін компания қызметкерлерін Алматы қаласынан келген «NATAN» тобы өз өнерлерін көрсете отырып құттықтады.
ҚАП БАЛЫҒЫМ, ҚАП…
Мерекелеудің үшінші күні жазғы балық аулаудан жарыстар болып өтті, оған 16 команда қатысты. Осы бір компания қызметкерлері үшін сүйікті саналатын бос уақытты қызықты ермекпен өткізу шарасына қалалық офистердің қызметкерлері, сол сияқты бұл күні вахтаралық демалыста жүрген қызметкерлер де қатыса алды. Балық аулаудың белгіленген күні сәтін салған күн болып шықты. Таң алакеуімнен жаңбыр иісі сезіліп, бұлтты аспан түнеріп тұрды. Ал кәсіпқой балықшылардың айтулары бойынша, жауында балық жақсы қабады екен. Және де бұл пайымдау, шынына келгенде, барлық командалардың барлығы бірдей үшін рас болып та шыққан жоқ. Дегенмен, қайсы бір кез келген шаруадағыдай, балық аулау ісінде тек сәттілік қана емес, бұған қоса кәсіпқойлық дағды да маңызды екен. Осыны паш ету үшін командаларға үш сағат уақыт берілді. Жарысқа қатысушы-балықшылар жағалауды бойлай жан-жаққа тез бытырап кетті, сөйтіп өздері қолайттаған орындарға жайғасып алды. Осыдан соң-ақ жарыстар басталып кетті. Қарсыластардың әрқайсысы бір-бірін шолып байқайтындай жерде отырғандықтан балық аулаушылардың несібе-табыстары да алақандағыдай көзге көрініп тұрды. Әріптестер өз қарсыластырының олжасына шын жүректен қуанып жатты.