АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІН ҰЛЫҚТАУ ШАРАСЫ
15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылған күні. Осыған орай Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында жауынгерлерім ұлықтау шарасы өтті.
Университеттің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Ерлікке тағзым – ұрпаққа парыз» атты салтанатты жиынды ашқан қала әкімінің орынбасары Айдын Қайруллаев Отан алдындағы азаматтық борышын адал орындаған сол кездегі өрімдей жас жігіттердің ерлігі бүгінгі ұрпақ үшін үлгі-өнеге екендігін атап өтті.
Облыстық қорғаныс істері департаментінің бастығы, Ауған соғысының ардагері, генерал-майор Әлімжан Ерниязов, «Ерлік» үйлестіру кеңесінің төрағасы, Ауған соғысының ардагері Хайраддин Баймахановтар қасіретті жылдардың ұмыт қалмай, құрмет көрсетіліп жатқанына алғыс білдірді.
Жастар патриоттық әндер шырқап, әскери кафедра курсанттары қоян-қолтық ұрыс тәсілдерінен қойылымдар қойды. «Дидар» халықтық фольклорлық-этнографиялық ансамблінің концерті ерекше әсер қалдырды.
Жиынға қатысушылар одан әрі ғылыми-техникалық кітапхананың «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі» атты көрмесін тамашалады.