ЕРЛАНҒА БІР КІСІДЕЙ КӨМЕКТЕСЕЙІК
Бүгінде Ерлан Күзенов үшін әрбір секунд қымбат. 28 жастағы қызылордалық 2 жылдан бері ауруымен алысып келеді.
Астаналық дәрігерлер оған бірнеше диагноз қойған: 3-дәрежелі созылмалы терминалды бүйрек жетіспеушілігі, гипертониялық созылмалы гломерулонефрит, нефросклероз, орта дәрежелі бүйрек анемиясы, V дәрежелі созылмалы бүйрек ауруы.
Осы күні жас жігіттің екі бүйрегі де істен шыққан. 2015 жылдың қыркүйегінен бері бағдарламалы хрониодиализ аппаратына қосылған. Одан бөлек, Ерланның ауруы күн өткен сайын асқынып барады. Жақында оған «В» вирусты гепатиті диагнозын қойды.
Қазіргі уақытта бірінші кезекте Ерландағы «В» вирусты гепатитті емдеу үшін көп қаражат қажет етіліп отыр. Ал, қажетті қаржы жағынан Ерланның отбасы қиналуда.
Туыстарының ендігі соңғы үміті жүрегі мейірімге толы жандарда болып тұр. Ерлан секілді бауырларының жай-күйіне бейжай қарамайтын ел азаматтары үніміз бен тілегімізге құлақ асады деген сенімде олар.
Адам өміріне араша түскісі келетіндер болса, Ерланның жеке шотына ақша аудара алады. «Көп түкірсе - көл» дейді. Әрбіріңіздің көмегіңіз ауадай керек, жомарт жандар! Қолынан келгенше көмек беремін деушілер мына шотқа ақша аудара алады.
Байланыс телефоны: 8 708 911 51 30
Киви-кошелек: 8 777 520 33 90