БАЛАЛАРДЫ АЖАЛДАН АРАШАЛАП ҚАЛДЫ
Қызылордалық Бердалы Жақсыбалаев лапылдаған өрттің арасынан үш баланы аман алып шықты. Балғындардың арасында екі айлық сәби де болған.
Еш қорықпастан басын қауіп-қатерге тіккен ержүрек азамат енді марапатқа ұсынылуы әбден мүмкін.
Айсұлу Сәрсенғалиева:
- Көршіміз Бердалы Жақсыбалаевқа алғысымды білдіремін. Алладан қайтсын деймін. Балаларыма ешқандай зиян келмеген. Бәрі аман-есен.
Өрт Тасбөгет кентіндегі екі қабатты үйлердің бірінде болған. Тілсіз жау, алдымен, бірінші қабатты шарпып, кейін екінші қабатқа бет алады. Пәтерде сол кезде Айдос, Данияр және Жібек есімді үш бала болған. Жас ана Айсұлу Сәрсенғалиева есікті сыртынан құлыптап, жұмыстарымен орталыққа кетіп қалған екен.
Бердалы Жақсыбалаев жалындаған оттың арасына екі рет кірген. Алғашқыда 8 жастағы Айдос пен 6 жастағы Даниярды алып шыққан соң бесікке бөленіп жатқан екі айлық сәбидің бар екенін естіп, еш ойланбастан нәрестені өлім аузынан арашалап қалды.
Бердалы Жақсыбалаев:
- Терезеден суырып алып жерге түсірдім. Қайтадан кіріп, түтіннің арасынан сәбиді алып шықтым. Өрт қатты болды бірақ.
«31 арна»