СОТ ҚЫЗМЕТКЕРІ СТУДЕНТТЕРДІҢ ІС-ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің «Құқықтану» кафедрасының ұйымдастыруымен «Соттардың қызметін қамтамасыз етуді ұйымдастыру органдарының құқықтық жағдайлары» тақырыбы бойынша өткізілген іс-шараға Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сот приставы Ақпанбетов Тимур қатысты.
Кездесуде аталған тақырып бойынша оқытушылар мен студенттер, жеке және заңды тұлғалардан өндіру бойынша аумақтық филиалының өкілі қысқаша баяндамаларын оқып, пікір алмасты.
Сот приставы Т.Ақпанбетовте өзінің лауазымдық міндеттері туралы, атап айтқанда, сот ғимаратын, кеңесу бөлмесін, судьялар мен іске қатысушы басқа да тұлғаларды, сондай-ақ атқару әрекеттерін жасау кезінде осындай іс-әрекеттерге қатысатын тұлғаларды күзететіндігі жөнінде және сот ғимаратына кіргізу тәртібі, сотқа келуші азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы айтып берді.
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі