ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КОНЦЕРТІ
Кеше Қызылорда облыстық филармониясының концерт залында жол апатынан соң есту қабілетінен айырылған қала тұрғыны Айман Махамбетоваға қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық шарасы өтті.
Алдымен жиналғандар жергілікті жас суретшілердің өнер туындылары мен Айманның қолөнер бұйымдарының көрмесін тамашалады. Көңіліне ұнаған әшекейлерді сатып алғандар да аз болмады. Одан соң филармония ұжымы – «Томирис» би ансамблі, «Тұмар» тобы, әншілер Индира Ахметова, Олжас Нұралиев, Назерке Нұраддинова және тағы басқа өнерпаздар көпшілік назарына концерттік бағдарламасын ұсынды. Залға сондай-ақ қайырымдылық жәшігі қойылып, мейірімді жандар қаржылай қолдау білдірді.
Айта кетейік, жиналған қаражат жиырма тоғыз жастағы Айманның еміне жұмсалады. Төртінші дәрежелі құлақ мүкістігі диагнозы қойылған оған ота Израиль, Үндістан және Ресейде ғана жасалады.
Назерке САНИЯЗОВА