ҚЫЗЫЛОРДА БАЛАБАҚШАЛАРЫНДА МҮГЕДЕК БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ТОПТАР АШЫЛА БАСТАДЫ
Қызылорда облысындағы балабақшаларда мектепке дейінгі білім беруден инклюзивтік топтар ашу жұмыстары басталды, деп хабарлайды BNews.kz.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды мектепке дейінгі сапалы біліммен қамтамасыз ету жұмыстары Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың жоспарына енген.
«Қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған мемлекеттік және жекеменшік балабақшалардың барлығында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мамандандырылған топтар ашу бойынша қосымша шараларды қабылдау жоспарланды»,- деп мәлімделген құжатта.
«Әкімнің тапсырмасымен жергілікті балабақшаларда арнайы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған топтар ашыла бастады. Осы уақытқа дейін ондай топтар №5 және №50 мемлекеттік балабақшада ашылды»,- дейді Қызылорда облыстық білім беру басқармасының балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы Шолпан Жүнісова.