ӨКІЛ ИМАМ 4 ҚҰЖАТ ТУРАСЫНДА СҰҚБАТ БЕРДІ
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Омаров облыстық «Қазақстан – Қызылорда» телеарнасында тікелей эфирге сұқбат берді, деп хабарлады облыстық мешіттің баспасөз қызметі.
Сұқбат барысында ҚМДБ тарапынан қабылданған 4 құжат «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі», «ҚМДБ қызметкерінің этикасы», «Имамның тұлғалық келбеті» турасында айтылды. ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің 2015 жылы атқарған шаралары мен 2016 жылғы жоспарлар көрермендерге кеңінен ақпараттандырылды.
Сонымен қатар, телеарна арқылы жақында өткен облыс имамдарының аттестациясы турасында да толық ақпарат берілді. Өздеріңізге белгілі, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Сыр еліне іс-сапармен келген болатын. Сұқбат барысында іс-сапар туралы да кеңінен айтылып, көпшілікке насихатталды.