БИЗНЕС-ЛЕДИ АЛҒАН БІЛІМІН КОМПАНИЯСЫН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАДЫ
Қызылордалық кәсіпкер әйел «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында Назарбаев университетінде оқудан өтіп, алған білімі мен тәжірибесі арқасында өз бизнесін кеңейтті.
«Оқыту-клиникалық орталық» ЖШС компаниясының директоры Салтанат Тасмағанбетова 2014 жылы «Шағын және орта бизнес топ-менеджментін оқыту» жобасы аясында Назарбаев университетінде тегін оқыған болатын. Курс барысында табысты қазақстандық кәсіпорындардың бизнес-кейсі мысалында көрсетілгендей бизнесті дамытудың жаңа модельдерін үйренді. Ең үздік отандық және шетелдік бизнес-тренерлердің басшылығымен үнемді әрі табысты компания құруға қажетті білім алды.
Бизнес-леди бүгінде алған білімін компаниясын дамытуға ендіре алды және кәсіпкерлік қызметін де кеңейтуге мүмкіндік туды. Салтанат Тасмағанбетова медицина саласындағы 25 жылдық тәжірибесі болғандықтан осы салада бизнес ашты. Оның оқыту-клиникалық орталығы медицина қызметкерлерін қайта дайындау мен біліктілігін арттыру қызметімен айналысады.
Орталық қызметінің аясын кеңейту үшін кәсіпкер «Даму» қорының 40% кепілдендіруі арқасында «Сбербанк России» АҚ-нан несие рәсімдеді. Кәсіпкер несиесі бойынша мемлекет пайыздық мөлшерлеменің 7 пайызын субсидиялауда.
Салтанат Тасмағанбетованың сөзінше, курстан өткеннен кейін жұмыс жасап тұрған бизнесін кеңейтуді жоспарлады. Осы тұрғыда бизнесті әртараптандыруды қолға алып, УДЗ кабинетінің жұмысын іске қосты. Қазіргі таңда табысты кәсіпкер 10 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.