«ФИЗИКА МЕНІҢ ӨМІРІМДЕ»
Қызылордадағы Назарбаев зияткерлік мектебінің физика пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өткен кезекті пәндік апталық физикалық білімнің күнделікті өмірде қаншалықты қажетті екені туралы түсінікті қалыптастыруға бағытталды, - деп жазады nis.edu.kz сайты.
Биыл физика апталығы қаңтар айының 18-23 аралығында өткізілді. Апатылықтың салтанатты ашылу рәсіміде ұйымдастырушылар ғылым тарихының қалыптасуына, ғаламның қарыштап дамуына өз үлестерін қосқан тарихи тұлғалар қонаққа шақырды. Архимед, Галилео Галилей, Исаак Ньютон, Рентген Вильгельм Конрад, Сергей Королев және Альберт Эйнштейн секілді атақты ғалымдардың кейіпіне еңген оқушылар ғұламалардың ашқан жаңалықтары мен жетістіктері жайында көпшілікке көрсетті.
Апталықтың келесі күнінде мұғалімдер үшін жұлдыз жорамал скриннингін өткізді. Скриннингті өткізу мақсаты мұғалімдерге оқушылармен табысты жұмыс жасауға, шығармашылық даму үшін жақсы көңіл-күй сыйлау. Оқушылар үш тілде 2016 жылға табыс жорамалы, денсаулық жорамалы, үлкендердің және балаларының денсаулық жорамалы, «Сіздің есіміңізді мағынасы қандай?», «қандай қалаларда тұру керектігі» туралы ақпараттар берілді.
«EGG DROP CHALLENGE» сайысы оқушылардың ойлау қабілетті ерекше екенін байқатты. Әрбір сыныптан 2 топтан құралған қатысушыларға 8 метр биіктіктен лақтырылған жұмыртқаның жарылмауы үшін түрлі моделдер ұсынды. Ол үшін оқушылар физикадан алған білімдерін қолдана отырып түсу уақыты мен әсер етуші ауырлық күшін азайту үшін күш салды. Қатысушы топтардың дайындаған модельдері бір-бірінен шығармашыл, теориялық білімге сәйкес және қолданылған материалдардың ерекшеліктерімен дараланды.
Аталық аясында өткен "Физикалық модельдер эрмитажы» көрмесінде оқушылар өздерінің креативті жұмыстарын ұсынды. Телескоп, жел генераторы, магнитті қозғалтқыш, дыбысұлғайтқыш, әуе қайығы, космосттық кеме және тағы басқа модельдер шынайы құрылғылардан кем түскен жоқ. Әсіресе қарапайым құрылыс материалдарынан жасалған Күн жүйесі көпшілікті таңғалдырды. Ол батарейкамен және ток көзімен де жұмыс істейді. Шетіндегі жіпті тартса Күн жарқырайды, ал егер токқа қосса айнала бастайды. Барлық жұмыстарды көріп шыққаннан соң оқушыларымыздың небір іскерліктеріне, ақыл-ойларының тереңдігіне таң қалдық. Ойлап қарасақ келешекте балаларымыздан керемет өнертапқыштар шығатын сияқты.
Кураторлар, ата-аналар мен пән мұғалімдері арасында қарым-қатынасты жақсарту және физиканың күнделікті өмірдегі қолданысын түсіну мақсатында ата-аналар арасында «Science for every one» сайысы өтті. 7 топқа бөлінген жұптар 4 кезең бойынша сынға түсті. Әкелер қауымы кернеудің жоғарылап кетуінен күйіп кеткен үтіктің тоққа қосар басын ауыстырып жатса, нәзік жанды аналар көлемі үлкен қызанақты жарып алмай тар ыдыстың аузына сыйыстыру әдісімен бөлісіп жатты. Барлық командар ерекше белсенділікпен көзге түсіп, алғыс хаттарды иеленді.
Апталықтың жабылу салтанатында оқушыларға физикалық құбылыстарға қатысты түрлі фокустар көрсетілді. Апта бойы өз белсенділігімен көзге түскен жеңімпаздар түрлі грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.