ТЕМІРЖОЛШЫЛАР ЖАҢА ЕҢБЕК КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ
«Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалының «Қызылорда жол бөлімшесі» бастауыш партия ұйымы «Жаңа Еңбек Кодексін білу – уақыт талабы» атты кездесу өткізді, - деп хабарлады партия сайты.
Еңбек саласын бақылау басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторы Ә.Әйтімов Жаңа Еңбек кодексінің дамыған елдер тәжірибесіне сәйкес әзірленгенін, жұмыс беруші мен жұмысшы арақатынасы көп жағдайда ұжымдық келісімшарт арқылы қалыптасатын жеткізді. Көптеген қызметкердің Кодекс талабын білмегендіктен түрлі күрделі мәселелерге жолығатынын жасырған жоқ. Бұл орайда түсіндірме жұмыстарының маңызы зор.
Одан бөлек теміржолшылар арасында аталмыш тақырыпта бетпе-бет ашық әңгіме жүргізіліп, алуан сауалдарға жауап берілді.
«Жаңа құжатта, бір жағынан, жұмыс берушілер үшін жұмысқа алу, кадрлық ауысу, жұмыстан босату, жұмысшылардың еңбек шарты мен еңбекақы төлеу рәсімдері жеңілдетілсе, екінші жағынан, жұмысшының еңбек кепілдіктері мен құқықтары айқындалған», - деді «Теміржол» партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Танбаева.