ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТТА «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда облыстық соты төрағасымен бекітілген кестеге сәйкес, 2016 жылдың 9 ақпан күні, Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» өткізілді. Азаматтарды сот төрағасы С.Сүлеймен қабылдады.
«Ашық есік күніне» Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің заң факультетінің студенттері Мұханбетқали Көркем мен Әлімбетова Сымбат келді. Олар оқуларын аяқтаған соң жұмысқа орналасу, мемлекеттік қызметке тұру жөнінде және сот жүйесінде енгізілген жаңа технологиялар туралы сұрақтар қойды.
Сот төрағасы Сүлеймен Сағатбек студенттерге мемлекеттік қызметке орналасу тәртібін түсіндіріп, сот жүйесіне еңгізілген «Төрелік», «Сот кабинеті» ақпараттық-талдау жүйелері мен сот процесінде дыбыс, бейне жазу қондырғыларын қолдану жөнінде айтып берді.
«Ашық есік күні» іс-шарасы айына бір рет халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізіледі.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі