ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА АРНАП ТҰМАУ ТУРАЛЫ ЛЕКЦИЯ ОҚЫДЫ
«Оңтүстік» өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы базасында «Тұмау және оның профилактикасы» тақырыбында дәріс оқылды.
Тұмау - өте кең таралған жұқпалы аурулардың бірі. Ол адамдарға ауа-тамшылы жол арқылы таралып, дұрыс емделмеген жағдайда асқынуларына ұласады. Облысымызда ауа райының тұрақсызданып, күннің жылып кетуіне байланысты тұмаудың өршіп тұрған кезі. Дәріс тұмаудан сақтану, ауырған жағдайда емдеу шаралары, халықтық медицинамен үй жағдайында емделу мақсатында оқылды.
Оған жұқпалы аурулар ауруханасының инфекционист-дәрігері Забира Айдарбекқызы қатысып, тақырып жөнінде құтқарушыларға кең көлемде мағлұмат берді.Дәріс соңында құтқарушыларға брошюралар таратылды.
ҚР ІІМ ТЖК «ОӨАЖҚЖ» ММ