ҚМУ ТҮЛЕКТЕРІ ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ҚОРҒАЙДЫ
Қызылорда мемлекеттік университетін бітіруші түлектердің бір парасы биыл дипломдық жұмыстарын ағылшын тілінде қорғайды. Олар – көп тілде білім алған студенттердің алғашқы легі, - деп хабарлады «Хабар» телеарнасының тілшісі.
Мұнда қазір 16 мамандық бойынша үш тілде білім беру жолға қойылған. 402 студент педагогикалық пәндерден бөлек, техникалық мамандықтарды да жаңа әдіснамаға сай меңгеруде. Бұл бастама бес институционалды реформа шеңберіндегі «Үш тілде білім беруді дамытудың Жол картасы» аясында жүзеге асуда.
- Екі шет тілі мамандығы бойынша ағылшын-корей, ағылшын-қытай, ағылшын-араб тілдерінде де осы көп тілді білім беру бағдарламасы жүзеге асуда. Университеттің халықаралық 70-тен аса әріптес жоғары оқу орындарымен келісімшарттары бар. Соған байланысты осы 3 тілде білім беру бағдарламасына университетке жыл сайын әріптес оқу орындарынан шетелдік оқытушылар тартылады, - дейді университеттің департамент директоры Сағат Тайман.