САЙЛАУ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ҚОРҒАЛУЫ
Сайлау - кез келген мемлекеттің саяси жүйесіндегі маңызды қадамдарының бірі болып табылады. Сайлауға қатысып, өз болашағына сеніммен қарау әрбір азаматтың міндеті мен борышы.
Егерде азаматтың сайлау құқықтары бұзылса, оны сотта қорғауға болады. Бұл мәселеге Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде бөлек бір тарау арналған.
Мемлекеттік органның, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органының, сайлау комиссиясының, кәсіпорынның, ұйымның, олардың лауазымды адамдарының шешімімен, әрекетімен (әрекетсіздігімен) сайлау немесе сайлану, сайлауға, референдумға қатысу құқығы бұзылды деп санайтын азамат, қоғамдық бірлестік, сайлау комиссиясының мүшесі, кандидаттар мен саяси партиялардың сенім білдірілген тұлғалары, кеңесші дауыс беру құқығы бар саяси партиялардың өкілдері, саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың байқаушылары белгіленген соттылық бойынша жазбаша арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
Сайлауға, республикалық референдумға әзірлік және оны өткізу кезеңінде, сондай-ақ дауыс беру күнiнен бастап бір ай ішінде келіп түскен арыз – бес күн мерзімде, ал дауыс беру күніне дейін бес күннен аз уақытта, дауыс беру күні және сайлаудың, республикалық референдумның қорытындылары жарияланғанға дейін түскен арыз дереу қаралуға тиіс.
Сайлаушылардың (таңдаушылардың) тiзiмдерiндегі түзетулердің қажеттiлігi туралы сайлау комиссиясының шешiмiне шағым жасау туралы арыз келiп түскен күнi қаралуға тиiс.
Сот арызды арыз берушінің, тиісті сайлау комиссиясы немесе мемлекеттік орган, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару органы, кәсіпорын, ұйым өкілінің, прокурордың қатысуымен қарайды. Сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарландырылған аталған адамдардың сотқа келмеуі істің қаралуы мен шешілуіне кедергі болмайды.
Арыз негiздi деп танылған сот шешiмi бұзылған сайлау құқығын қалпына келтiру үшiн негiз болып табылады.
Шешімнің көшірмелері тапсырылған күннен бастап үш күн ішінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне апелляциялық тәртіппен шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.
Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы шағым жасауға және наразылық білдіруге жатпайды. Заңды күшіне енген сот шешімі тиісті мемлекеттік органға, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару органына, ұйымға, сайлау комиссиясының төрағасына жіберіледі. Сот шешімінің орындалмауына кінәлі лауазымды адамдар заңда белгіленген тәртіппен жауапты болады.
Қызылорда облысының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
сотының баспасөз қызметі