БИЫЛ «ЭКО»-ҒА 800 КВОТА БӨЛІНДІ
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 2016 жылы елімізде экстракорпоралды ұрықтандыруға 800 квота бөліп, қызмет көрсететін медициналық орталықтардың тізімін жариялады. Бұл туралы Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының вице-президенті, «Астана ЭКОЛАЙФ» бедеулікті диагностикалау және емдеу клиникасының бас директоры Алмагүл Ахметова мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.
«Қазақстандықтар арасында бедеуліктің артып, репродуктивті денсаулықтарының нашарлауы соңғы жылдары белең алып келеді. Мұны ЭКҰ-ға жүгінетіндер санының артуынан байқауға болады. Нақтырақ айтсақ, соңғы 6 жылда мемлекеттік квота саны 8 есе артты – 2010 жылы 100 квота болса, 2016 жылы 800-ге дейін артты. Бұл ретте елімізге импортталатын қажетті дәрі-дәрмектер мен материалдардың қымбаттауына байланысты ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ЭКҰ қызметіне бөлетін қаражаты да едәуір артты», - дейді А.Ахметова.
Бұл мәселенің өзектілігін ескере отырып, ҚР ДСӘДМ рсепубликалық ЭКҰ квота бағдарламасына қатысушы медициналық клиникалар мен орталықтарға қойылатын талаптарды күшейтті.
Орталық басшылығының мәлімдеуінше, ЭКҰ құны АҚШ-та – 10000$, Оңтүстік Кореяда – 5000$, Ресейде – 3000$, Қазақстанда – 2500$. Бүгінгі күні ұлттық валютаның еркін айналымға шығарылғаннан кейін препараттар бағасының қымбаттауы салдарынан ЭКҰ қызметінің құны едәуір артқан.
ЭКҰ қызметіне жүгінетіндерге қойылатын талаптар:
- Еркектің белсіздігі – астеноолиготератозооспермияның емделмейтін 2-деңгейі.
- 20/у үлгісі ерлі-зайыптыларға бір жылда бір рет беріледі.
- Квота тек қазақстандық отбасыларға беріледі.
- Тексерілу және ЭКҰ-ға дайындық тегін медициналық көмекке кірмейді.
- Ұзақ жылдар бойы бала сүйе алмай жүрген отбасыларға басымдық беріледі.