ӨРТ БӨЛІМІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
Қызылорда облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде Қызылорда қаласы, Абай даңғылы №64 мекен-жайда орналасқан Қызылорда қаласы көпсалалы «Ұлағат-Қызылорда» колледжінің «Төтенше жағдай саласы» студенті үшін ашық есік күні өтті. Студенттер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институтына түсу ережесімен танысты.
Өрт бөліміндегі экскурсияны бөлімнің аға инженері азаматтық қорғау капитаны Р.Бәйімбетов және бөлімнің аға өрт сөндіруші құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Б.Романқұлов жүргізді. Студенттер өрт сөндіру құрал-жабдықтары техникасымен танысты.
Осы іс-шараны өткізудің мақсаты - өрт сөндіруші мамандығы жөнінде насихаттау, жас ұрпақты өрт сөндіруші мамандығына қызықтыру, тіршілік әрекетінің қауіпсіздік мәдениетін насихаттау болды. Мамандық таңдау - адамның жас кезінде жасайтын өмірдегі ең маңызды таңдау жасауларының бірі, сол себепті мамандық таңдай отырып, кез-келген адам өз өмірінің келешегін таңдайды.
Н.БОШҚАЕВ,
ММ №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің
Бастығы, азаматтық қорғау майоры