«ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ СОТҚА АРЫЗ БЕРУ ТӘРТІБІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Электронды үкімет порталы арқылы сотқа арыз беру тәртібі» тақырыбында семинар өтті.
Семинар жұмысына ювеналды соттың судьясы Қ.Бержанов, кеңсе меңгерушісі және кеңсе мамандары қатысты.
Семинарды ашқан сот судьясы Қ.Бержанов бүгінгі таңда еліміздің сот жүйесінде «Сот кабинеті» электронды сервисі сәтті іске асырылып жатқанын атап өтіп, сөз кезегін баяндамашы кеңсе меңгерушісі М.Асановаға берді.
Баяндамашы М.Асанова баяндамасында - «Сот кабинеті» - бұл сот органдарының онлайн сервистері мен қызметтерін қолдануға мүмкіндік беретін біртұтас терезе, ол арқылы азаматтар, олардың өкілдері немесе адвокаттары ғаламтордың көмегімен өтініштері мен арыздарын электронды түрде жібере алатынын. Сонымен бірге, мелекеттік бажды онлайн режимінде төлеу, сот құжаттарын қарау, істің тарихымен танысу мүмкіндіктері де қарастырылған. Жаңадан енгізілген аталмыш қызмет түрлері мүдделі тұлғаларға істің қаралу мерзімдерін бақылап отыруға пайдасын тигізеді. Заманауи ақпараттық технологияларды қолдану сот қызметінің қолжетімділігі, ашықтығы мен тиімділігі тәсілдерінің бірі болып табылатынын.
Сондай-ақ, ақпараттық сервистерді қолдану сот кеңсесі қызметкерлерінің ғана емес, сотқа жүгінетін адамдардың да уақытын үнемдейтінін. Азаматтар үйлерінен шықпай-ақ сотқа жүгініп, Жоғарғы Соттың ресми сайты арқылы өз құжаттарын бере алатынын атап өтіп.
Қатысушыларға «Сот кабинеті» ақпараттық электронды сервис арқылы сотқа құжаттарды электронды түрде беру тәртібімен арыз беру тәртібі түсіндірілді.
Семинар соңында іс-шараға қатысушылар өзара пікір ауысты.
Соттың баспасөз қызметі