БАС МҮФТИ ИМАМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Сыр еліне жасаған іс-сапарында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы облыс, қала және аудан имамдарымен арнайы кездесу өткізді.
Облыстық мешіттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде өтті. Аталмыш кездесу облыс имамдарының қызметіне, олардың алға қойған мақсаттары мен болашақтағы жоспарларына ерекше серпін десек артық айтқандық емес. Сонымен қатар, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Омаровтың сіңірген еңбегі мен жергілікті билік тарапынан алғысқа бөленіп отырғандығын ерекше атап өтті. Аймақтағы діни ахуалдың тұрақтылығы жолында, ҚМДБ тарапынан болған тапсырмалардың сапалы орындалуына өкіл имам Талғат Омаровтың басшылығымен атқарылған шаралар өз нәтижесін беруде. Кездесуде сөз алған «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай қажы Ораз мырза имамдардың қызметіне береке тілеп, Сыр елінің ауызбіршілігі мен татулығына ризашылығын жеткізді.