ОБЛЫСТЫҚ СОТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БЛОГЫ ХАЛЫҚПЕН ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫС ОРНАТАДЫ
Сот билігі – еліміздегі басқа билік салаларынан дара, өз қызметінде тәуелсіз, әрi кесiмдi шешiм айтатын ерекше орган. Елбасының «Судья-халықтың айрықша таза әрі кіршіксіз ары» деп соттарға баға беруі, оның қара қылды қақ жарған судьяларға сенім артуын көрсетсе керек.
Заманауи технологияларды қолдану - сот жүйесінің ашықтығы мен жариялылығы жолында жасалған тағы да бір қадам.
Сот жүйесінің алдында тұрған мақсаттарының бірі – сот жұмысын барынша ашық, халыққа қолжетімді ету. Қызылорда облыстық сотының ресми веб сайты (http://kzl.sud.kz/) осы мақсаттарға жету үшін соттың жариялылығын арттыруға, сот билігі абыройын нығайтуға, саладағы атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелері жайлы хабардар етуге бағытталған. Ал сайттағы төрағаның блогы сұрақ-жауап бөлігі (http://kzl.sud.kz/kaz/node/add/question) арқылы Қызылорда облыстық соты төрағасына сауалдарыңызбен тікелей жүгінуге, өзара сындарлы пікір алмасуларыңызға мүмкіндіктеріңіз бар.
Төраға блогі сіздердің толғандыратын сұрақтарыңызды қарауға және оларды шешуге қажетті барлық шараларды қарастырып, жауап беруге әрдайым дайын. Барлық электрондық хаттар міндетті түрде оқылатын болады.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі