СЕМИНАРДА МҰРАҒАТ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында «Мұрағат жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында семинар сабағы өтті, - деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.
Семинар сабағын ашқан Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісі басшысының орынбасары С.Смағұлова «мемлекеттік мекемелерде ең маңызды мәселе, жүргізілген іс құжаттардың дұрыс қалыптастырылуы. Себебі жүргізілген жұмыс атқарылған шаруа мұрағатта сақталады. Іс-құжаттарды мұрағатта сақтап, оны іріктеп, жою ауқымды жұмыс. Бұл тарихи деңгейге дейін баратын мәнді құбылыс», - екендігін айтып өтті.
Қызылорда облыстық мемлекеттік мұрағатының директоры Н.Қуанышева мұрағат жұмысына көңіл бөліп, сот ұжымына семинар ұйымдастырғанына алғысын білдіріп, «Мұрағат ісінің маңызы туралы» баяндамасымен таныстырды.
Сонымен қатар, электрондық мұрағат жүйе құжаттарды іздестіруге, оларды көшірмелеу мен таратуға кететін уақытты мейлінше қысқартатындықтан қызметкерлердің еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік жасайтыны, құжаттардың көп жылдарға сақталуына кепілдік беретіні айтылды.
Жиын барысында мұрағат құжаттарын сақтау бойынша сот мамандарының баяндамалары тыңдалды.
Өткізілген іс-шараны қорытындылай келе, облыстық мемлекеттік мұрағатының өкілдері облыс соттарының мұрағат жұмысын ұйымдастырылуы жоғары дәрежеде екенін айтып, сот қызметкерлері біліктіліктерін арттыру мақсатында тақырып аясында пікір алмасты.
Семинардың екінші бөлігінде сот мамандары облыстық мемлекеттік мұрағатқа барып, электрондық мұрағат жұмысының жай-жапсарымен танысты.