ҚЫЗЫЛОРДАДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАСТАРДЫҢ КЛУБЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттер сарайында «Кедергісіз орта – мүмкіндігі шектеулі жастар үшін кемел келешек» атты дөңгелек үстел өтті, - деп хабарлады «Қоғам» телеарнасы.
«Мүмкіндігі шектеулі жастардың клубы қызметін ұйымдастыру» жобасы әлжуаз топ өкілдерінің әл-ауқаты мен өмір сапасын жақсарту мақсатында Қызылорда қаласы әкімдігінің қолдауымен БҰҰ-ның бағдарламасы мен «Өркениетті Қазақстан» қоғамдық бірлестігі арасындағы келісім негізінде жүзеге асырылмақ. Мақсат – мүмкіндігі шектеулі жастардың өз құқықтары мен бостандықтарын қорғауына жағдай жасау, жұмысқа орналасуға психологиялық ынталандыру және заңнаманы түсіндіруге қатысты оқыту семинар-тренингтерін ұйымдастыру арқылы құқықтық сауаттылықтарын арттыру.
Жоба аясында Қызылорда қаласы бойынша 30 мүмкіндігі шектеулі жасқа арнайы еңбек заңнамасы, құжаттама жүргізуге қатысты құқықтық оқутылар ұжымдағы қарым-қатынас психологиясы, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған жеңілдіктер мен мемлекеттік бағдарламалардың тиімділіктері таныстырылды.